Мәдениет

Министр ескерткіштерді бүлдіретін "қара археологтармен" мықтап күреспек

Мәжілісте "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы"заң жобасы таныстырылды
Sputnik

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанда "қара археологияға" қарсы күрес күшейтіледі. Бұл туралы бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Мұхамедиұлы кесенеде намаз оқитындар туристерді шошытатынын айтты

Бүгін мәжілісте мәдениет министрі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" және "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын таныстырды. Құжатта тарихи-мәдени мұра нысандарына едәуір зиянын тигізетін "қара археологтармен" күрес мәселесі көтерілген. 

"Тарихи-мәдени мұра нысандарында жүргізілетін археологиялық, реставрациялық жұмыстарды реттеу мәселесі де қайта қарауды талап етеді. Біздің бірегей ескерткіштеріміз немесе әлі зерттелмеген нысандарымыз көбінесе "қара археологтар" тарапынан іздестіру мен қазба жұмыстарына ұшырап жатқаны құпия емес. Олардан кейін ескерткіштер ашық қалып, ішінара немесе толықтай жойылуда", — деді министр. 

Сондай-ақ, Мұхамедиұлының айтуынша, тарихи-мәдени мұра нысандарына іргелес аумақта жүргізілетін қарқынды құрылыс жұмыстары да ескерткіштердің тарихи тұтастығына мен сақталуына елеулі зиян тигізіп, теріс жағдайларға әкеп соғып жатыр. 

"Тұтастай алғанда, құқықтық салада нақты реттеуді талап ететін тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану үшін қолайлы жағдай жасауды қажет ететін міндеттерді күшейту қажеттілігі сөзсіз. Осы орайда, заңнамалық деңгейде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау және есепке алу, сондай-ақ олардың жағдайын мониторингтеу тәртібін бекіту; тарихи-мәдени мұра объектілерін түпкілікті тарихи келбетте сақтау мен пайдаланудың сапалы жаңа механизмдерін енгізу;  археологиялық жұмыстарды жүргізу және "қара археологияға" қарсы күрес ережелері мен шарттарын бекіту; қорғау аймақтарында жер учаскелерін пайдаланудың құқықтық режимін, тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрылысты салуды реттеу, табиғи ландшафт аймақтарын пайдаланудың құқықтық режимін анықтау ұсынылады", — деді ол. 

Министр қазақша мультфильмдердің жоқтығына қапаланған депутатқа ән шырқап берді

Заң жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе зерделеніп, ескерілген.

"Мәселен, Ресей заңнамасында заңсыз археологиялық ізденістерді жүргізу, археологиялық заттарды жымқыру, артефактілерді мемлекетке өткізуден жалтару және тағы басқа үшін "қара археологияға" қарсы тұру шаралары енгізілген, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Италия, Франция, Израиль мен Ұлыбтритания елдерінде қазба жұмыстары мен ғылыми-реттеу жұмыстары толығымен қатаң түрде заңда бекітілген", —деді министр.