АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Полиция капитаны Ербол Сәліковке Астанада бесінші қабаттан құлай жаздаған ер адамды құтқарғаны үшін алғыс жарияланды.
Алматы ауданы ішкі істер басқармасының қызметкері қайғылы оқиғаның алдын алған.
Көмекке шақырған дауысты естіген Ербол Сәліков бесінші қабатқа шыққан. Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, есікті ешкім ашпаған соң, ер адам бұзып кірмек болыпты.
Бір-екі деп санай бастағанда, әйел адам есікті ашып, полицейді кіргізеді. Капитан бөлмеге кіріп, терезеден салбырап тұрған ер адамды, тартып, шығарып алады.
Ішкі істер департаменті басшылығы Ербол Сәліковке алғыс жариялады.
Сенбі күні елорда тұрғыны бесінші қабаттан құлап кете жаздады. Әйелі есікті жауып, күйеуін үйден шығармай қойған соң, ер адам балконға шығып кеткен. Терезеден салбырап тұрған оны оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алыпты.