Спорт

Қыз зорлады деп айыпталған Криштиану Роналду түсініктеме берді

"Ювентус" клубының футболшысы Криштиану Роналду тағылған айыпты жалған деп мәлімдеп, мақала жариялаған басылымды сотқа беретінін хабарлады
Sputnik

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Италиялық "Ювентус" клубының футболшысы Криштиану Роналду Spiegel журналында шыққан мақаланы жалған деп мәлім етті. Мақалада америкалық Кэтрин Майорга футболшыны өзін зорлады деп айыптаған. 

"Мұның бәрі өтірік. Олар мен арқылы өздерінің атын шығармақ. Бірақ бұл менің жұмысының бір бөлігі, бәрі жақсы", — деп мәлімдеді Роналду.

Танымал актер 40 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотқа шақыртылды

РИА Новости басылымының хабарлауынша, кеше Spiegel журналы америкалық Кэтрин Майорга футболшыны өзін зорлады деп айыптап отырғанын жазды. 2017 жылы неміс журналы португалиялық футболшының 2009 жылы қыз зорлады деп айыпталғанын хабарлаған болатын. Spiegel таратқан ақпарат бойынша 2010 жылы футболшы тарабы зардап шеккен қызға 375 мың доллар ақша төлеген. Соттан тыс келісімге сәйкес тараптар оқиғаның мән-жайын айтпау туралы келіседі, ал зардап шеккен тарап айыптан бас тартуы тиіс болған. 

Мақала шыққан бойда Роналду оны журналистердің ойлап шығарғанын мәлімдеп, неміс басылымына қарсы іс-шаралар қолданатынын айтты. Жұма күні "Реалдың" бұрынғы ойыншысының адвокаттары Spiegel журналын сотқа беретінін хабарлады.