Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қыркүйек

Бұл – Григориан күнтізбесінде 273-ші күн. Жылдың соңына дейін 92 күн бар
Sputnik

30 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

30 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Жыл сайын 30 қыркүйекте көптеген елде ауызша және жазбаша аудармашылардың кәсіби мерекесі – Халықаралық аудармашы күні аталып өтеді. Аудармашылар болмаса, әдебиет және кино өнерінің көптеген туындысы, ғылым мен техниканың жетістіктері қолжетімді болмас еді, әлем елдерінің адамдары бір-бірімен сөйлесе алмас еді… 

Солай бола тұра, аудармашылардың кәсіби мерекесі тек 1991 жылы пайда болды, жыл сайын бұл күнді мерекелеу аясында әр түрі баспасөз конференциялары, көрмелер, тренингтер мен семинарлар өткізіледі. 

Сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен қыркүйектің соңғы күнінде Халықаралық керең-мылқаулар күні аталып өтеді. Мерекені 1951 жылы Халықаралық керең-мылқаулар федерациясы қолданысқа енгізді. Көптеген елде саңырау адамдар қоғамының қалыптаса бастауы мен дамуына саңырауларға арналған мектеп түлектерінің  кездесуі мен күш біріктіруі ықпал етті.   

Бұл күні Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні тойланады.

 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10-сессиясының шешімімен Бүкіләлемдік теңіз күні қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты – теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару.

            30 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1452 жылы Германияда алғашқы Библия басып шығарылды;

1882 жылы АҚШ-та Фокс өзенінде алғашқы су электр станциясы іске қосылды;

1902  жылы жасанды жібек – вискоз патенттелді;

1948 жылы кеңестік көп мақсатты Ми-1 тікұшағы алғашқы рейсін орындады.  

            30 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1824 жылы Ресей Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі империяның бекіністі аудандарының ресми реестріне енгізілді;

1920  жылы "Мысль" журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журнал  түрлі атаумен шықты: "Қазақстанның большевигі", "Қазақстанның коммунисі", "Қазақстанның партиялық тынысы". Тәуелсіздік алғаннан кейін (1992 жылдан бастап) "Мысль" деп аталды;

1992 жылы Қазақстан министрлер кабинеті жастар үшін Мемлекеттік "Дарын" сыйлығын тағайындау туралы қаулы қабылдады; 

1996 жылы Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт мәтініне қол қойды.

            30 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар: 

— 1891 жылы кеңес математигі, астроном, солтүстікті зерттеуші Отто Шмидт дүниеге келді;

— 1925 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Вера Васильева дүниеге келді ("Сказание о земле Сибирской", "Свадьба с приданным", "Звезда экрана", "Несовершеннолетие", "Карнавал", "Выйти замуж за капитана фильмдері); 

— 1939 жылы француз химигі, Нобель сыйлығының лауреаты Жан Мари Лен дүниеге келді; 

— 1944 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Татьяна Ткач дүниеге келді ("Белое солнце пустыни", "Место встречи изменить нельзя", "Бег" фильмдері);

— 1964 жылы Италия киноактрисасы әрі фотомодель Моника Белуччи дүниеге келді ("Матрица", "Матрица: Революция", "Страсти Христовы", "007: Спектр" фильмдері).

            30 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:

— 1903 жылы Қазақ КСР-нің халық әртісі Надежда Самышина дүниеге келді;

1923 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Әбдуәлі Еренов дүниеге келді;  

— 1941 жылы заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі  Майдан Сүлейменов дүниеге келді;

— 1944 жылы азаматтық құқық саласының маманы, қазақстандық азаматтық заңгер, Халықаралық төрелік соттың төрешісі Анатолий Диденко дүниеге келді. 

            Ай күнтізбесі  

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Шексіз тазалық пен тектілік күні. Тіпті ұсақ-түйек мәселелерде де адал әрі әділ болу маңызды. Егер ойға алынған іс-әрекетті жүзеге асыру қандай да бір құрбандықты қажет етсе, іркіліп қалмаңыз.