Өңірлер

Өскеменде аспаннан күл жауды

Тұрғындар адам денсаулығына қандай да бір зияны болар деп қорқып жүр
Sputnik

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Экология департаментінің қызметкерлері күлді зертханаға алып кетті.

Өскеменде Wi-Fi тарататын көше шамдары іске қосылады

Өскемендегі Питер коммуналары көшесін күл басып қалды. Алайда тұрғындар оның қайдан және қалай келгенін білмейді. Көпшілік адам денсаулығына зияны бар ма деп үрейленіп жүр. Олар аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлаған, деп хабарлайды .

Тұрғындардың шағымы бойынша экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары күл басқан көшені келіп көрді.

"Экология департаментінің қызметкерлері күлді зертханаға алып кетті. Сондай-ақ тұрғындардың шағымына сәйкес жақын маңдағы "Май" АҚ кәсіпорнына тексеру жүргізіледі", — деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.