Оқиға

Журналисті өлтірді деген күдікті қолға түсті: Есіл жағасындағы үйде жасырынған

Күтпеген жерден ұсталған ер адам полицейлерге қарсылық танытпады және қашып кетуге тырыспады
Sputnik

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Журналист Ирина Бекетованы өлтірген болуы мүмкін күдікті Есіл өзенінің жағасындағы ескі ғимаратта ұсталды. Елорданың 34 жастағы тумасы Анатолий Гусейнов Ақмола облысы Аршалинск ауданы Ижевск ауылында жасырынып жүрген.

Астанада журналисті өз үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті

Оны ішкі істер министрлігі қылмыстық полиция департаментінің жедел қызметкерлері тұтқындады. ІІМ ұстау операциясының асқан жылдамдықпен жүргізілгенін айтты. Бірақ күтпеген жерден қолға түскен ер адам еш қарсылық танытпаған.

Гусейнов уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Журналист Ирина Бекетованың денесі өзі тұрып жатқан үйдің подъезінен табылды. Оны бір шаңырақ астында бірге тұрып жатқан азаматтық некедегі күйеуі өлтірген болуы мүмкін деген болжам бар.

Марқұм мен күдікті заңды түрде некелеспеген. Екеуінің ортақ екі баласы бар.

Журналистің төрт бала тәрбиелеп отырғаны туралы хабарланған-ды. Олардың ішінде біреуіне ерекше күтім керек. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.