Әлем

Такси жүргізуші екі қызды өлтірген "маньякті" алып жүргенін айтты

Күдікті 20 және 27 жастағы қыздарды пышақтап тастаған, оған дейін тағы бір қызды жарақаттағаны белгілі болды
Sputnik

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Петрозаводск қаласында такси жүргізуші екі қызды өлтірді деген күдікке ілінген адамды қылмыс жасалған жерге, содан кейін пышақ сататын дүкенге жеткізіп салған.   

19 қыркүйек күні Петрозаводск медицина колледжі жатақханасының жанынан пышақталған 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Келесі күні "Юность" стадионы маңынан тағы бір қыздың денесі табылды, ол да пышақ жарақатынан көз жұмған.  

Өскеменде үш жігітті мінгізген такси жүргізуші сан соғып қалды

Тергеудің мәліметінше, 19 қыркүйек күні 28 жастағы күдікті жатақхананың жанында 20 жастағы қызға шабуылдаған, ал келесі күні 27 жастағы қызды өлтірген. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек күдікті үш-төрт күн бұрын тағы бір қызды жаралағаны анықталды. Бұл туралы зардап шегушінің анасы айтты.  

"Сәрсенбі күні тапсырыс түсті… Түстен кейн, сағат екіде. Мен екінші кіреберіске келіп тоқтадым. Ол орман алқабынан шықты. Бірдеңеге абыржып тұрды, оғаш қылық көрсетті", — деді ол РИА Новостиге.

Такси жүргізушінің айтуынша, олар жатақханаға барған.

"Жатақханаға келіп, ол дүкенге соғайық деді. "Балықшы-аңшы" дүкенінен пышақ алып шықты. Содан кейін көлікке қайта отырды,   қызыл сапты жақсы пышақ алыпты. Мың сегіз жүз тұрады екен. Туған қарындасын біреу зорламақ болғанын, содан кек алатынын айтты", — деді такси жүргізуші. 

Ол алғашқы кісі өлімі жайлы ести сала, полицейлермен хабарласқанын қоса кетті.

Карелия басшысы Артур Парфенчиков күдікті кінәсін мойындағанын хабарлады. Сонымен қатар, губернатордың айтуынша, ұсталған азаматқа тағы бір айып тағылды, ол үшінші қызға пышақ жарақатын салған болуы мүмкін. Парфенчиков сондай-ақ күдікті жұмыссыз болғанын, бұрын сотталғанын, екі жыл бұрын түрмеден босатылғанын мәлімдеді. 

Сот күдікті Антон Ипатовты 18 қарашаға дейін қамауға алды.