Спорт

Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейін өз жоспарлары жайлы айтты

Том Леффлердің пікірінше, "Канеломен" үшінші кездесу өтетін болса, бокстағы ең маңызды жекпе-жектің бірі болады
Sputnik

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы бірнеше тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің  промоутері Том Леффлермен кездесіп, алдағы жоспарларын талқылады.

15 қыркүйекте Геннадий Сауль "Канело" Альварестен төрешілер шешімімен ұтылып, WBA (Super), WBC және IBO белбеуінен айырылды.  

Sports.kz хабарлағандай, GGG-мен не жайлы әңгімелескенін Леффлердің өзі айтып берді:

Альварес соңғы жекпе-жекте Головкин жеңгенін мәлімдеді

"Геннадий барлығын ой елегінен өткізу үшін қысқа үзіліс алады. Қашан жұдырықтасқысы келетінін айтқан жоқ. Ол бәріміз секілді әлі күнге төрешілердің шешіміне қатты қапаланып жүр. Алайда ол биыл қайта жұдырықтасады деп ойламаймын. 

"Канеломен" үшінші кездесуге келетін болсақ, ол әлі де бокстағы ең маңызды жекпе-жек саналады. Сондықтан, үшінші жекпе-жекті өткізу мәселесін қарау – жалпыға бірдей басымдық болады деп ойлаймын.  

Жанкүйерлер – спорттың тіршілік күші, олардың төрешілер шешіміне көңілі толмай отыр, сондықтан үшінші жекпе-жекті көргісі келеді. Алғашқы жекпе-жекке қарағанда екіншісінің нәтижесіне қарсылар көп болды, өйткені бұл жолы Геннадий өз титулдарынан айырылды.

Жанкүйерлердің әлеуметтік желілердегі жазбаларына қарайтын болсақ, олардың бәрі GGG жеңді немесе, қандай жағдай болса да, өз титулдарын сақтап қалды деп ойлайтынын байқайсыз", — деді Леффлер.