Оқиға

Алматыда полицей әріптесіне оқ атты

Оқ тиген жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында полиция қызметкері өзінің әріптесін атып жіберді. Бұл фактіні ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады.

"Жергілікті полиция қызметінің инспекторы өзінің әріптесін атып жіберді. Кейінгісі оқ жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды", — деді Сәдубаев тілшісіне.

Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органының қызметкері аудандық ішкі істер бөлімінің ауласында өзінің бастығына оқ атқан еді. Полицей дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.