Өңірлер

Семейде 5 жасар баланы зорлаған күдікті қолға түсті

Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Семейде кішкене баланы зорлады деген күдікпен жас жігіт ұсталды.

Үш рет өз әкесі зорлаған қыз педофилдерді піштіруге қарсы шықты

КТК арнасының мәліметінше, 26 жастағы ер адам күндіз бес жасар баланы гараждың арт жағына алып барған. Полиция оның балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын хабарлады.

Жағдай қаланың орталығында болған. Белгісіз ер адамның өзімен бірге баланы ертіп бара жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіге лезде тарап кетті. Араға екі күн салып азамат бақылау камераларының көмегімен ұсталды.

Бұрын-соңды істі болмаған 26 жастағы Семей тұрғыны өзінің кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге баланың жағдайы қандай екені белгісіз.