Әлем

Жантүршігерлік қылмыс жасаған қырғызстандық Қазақстанға өтіп кетпек болған

Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстан азаматы өзімен бірге бірге тұратын әйелді өлтіріп, Қазақстанға таксимен кетпекші болған, алайда шекарадан өте алмады. 

Астанада журналисті өз үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті

Жантүршігерлік қылмыс тіралы Sputnik Қырғызстанға Талас облысының ІІБ хабарлады.  

25 жастағы әйел Талас қаласында тұратын анасына барған, келіншекпен бірге тұратын ер адам оның артынан келген, олардың ортақ үш баласы бар. Ер адам әйелді Бішкекке алып кетпекші болады. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қызғаныш себеп болған. Қылмыскер пышақты алып, жәбірленушіні бірнеше рет ұрған. 

Содан кейін қырғыз-қазақ шекарасын кесіп өтпек болады, дегенмен оған жетпей, Қырғызстан аумағында ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.