АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, 26-27 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1-3°С үсік жүреді деп болжануда.
26 қыркүйекте Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Ал Атырау облысының кейбір елді мекенінде найзағай жарқылдайды, түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қазгидрометтің мәліметінше, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады.
Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады.
Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр.
Синоптиктер қыркүйек айында қар жауып, аяз болатынын айтты