Өңірлер

Қасымов полицейлердің жалақысын өсіруге кедергі болып отырған мәселені айтты

Өңірлерде сержанттарды офицерлікке ауыстыру шаралары жүріп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Полиция сержанттарын офицерлік лауазымға ауыстыру тәртіп сақшыларының жалақысын көтеруге және кадр сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Қасымов "отставкаға кетесіз бе?" деген сұраққа жауап берді

Министрдің айтуынша, жергілікті әкімдердің қолдауымен өңірлерде сержанттық лауазымдарды офицерлік лауазымға ауыстыру шаралары жүргізілуде.

"Қазір 3 мыңнан астам лауазым офицерлікке ауыстырылған. Өкінішке қарай, бұл жұмыс тек үш өңірде толық аяқталды: ШҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстары. Жеті өңірде жартылай өткізілді: Астана қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары. Ал қалған өңірлерде бұл мақсатқа әзірге қаржы бөлінбеген", — деді Қасымов үкімет отырысында.

Батыс Қазақстанда тәртіп сақшысы өз бастығын атып өлтірді

ІІМ басшысы әкімдерден осы проблемаға назар аударуды сұрады.

Қазақстанда оқушылар 13 адам өлтірді

"Бұл мәселені шешу полиция қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге және кадр сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", — деді ол.

Сондай-ақ, Қасымов әрбір облыс орталығында полицейлер үшін отбасылық жатақхана салу мәселесіне тоқталды.

"Бұл жерде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тәжірибесі көпке үлгі. Екі жылдың ішінде бір жатақхана салынып, пайдалануға берілген. Екінші жатақхана құрылысы басталды", — деді министр.