Спорт

"Канело" белбеуін кімге қарсы қорғайтыны белгілі болды

"Канело" WBC чемпиондық белбеуін америкалық Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жекте қорғайды
Sputnik

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. WBC Дүниежүзілік бокс кеңесінің төрағасы Маурисио Сулеймен мексикалық Сауль Альварес осы тұжырымдағы чемпиондық белбеуді қай боксшыға қарсы жекпе-жекте қорғайтынын айтты. 

Альварес соңғы жекпе-жекте Головкин жеңгенін мәлімдеді

Boxingscene.com сайтының мәліметіне жүгінсек, "Канело" WBC чемпиондық белбеуін америкалық Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жекте қорғайды. Америкалық боксшы кәсіпқой мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Алайда бұл шешім әлі нақты емес. 30 қыркүйек күні Украина астанасы Киевте өтетін WBC-тің конвенциясында Сауль Альварестің қарсыласы анықталады, деп жазды prosports.kz.

Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль Альварес 15 қыркүйек күні өткен қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Super және WBC чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Кейінірек Головкиннің бапкері Абель Санчес команда жеңілісті қалай қабылдағанын айтты.

"Біз жеңіске жеттік деп есептейміз, "Канелоға" жеңісті берген екі төрешіден басқаның бәрі солай ойлайтын секілді", — деп атап өтті бас бапкер.   

Оның айтуынша, Геннадий Головкиннің көңілі қалған, ол Лас-Вегаста "жергілікті" боксшыға басымдық берілетініне аздап қапаланған.