АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Ижевск қаласында орналасқан аурухана дәрігері 32 жастағы науқасты зорлады, деп хабарлайды "Комсомольская правда в Ижевске" басылымы.
Ер адам науқас әйелді ауыз қуысындағы бадамша безін алып тастағаннан кейін зорлаған.
Дәрігер сол күні мас болып, отадан кейін кабинетінде жатқан әйелге ішімдік ұсынған. Кейін әйел бетін қайтарған соң оған тарпа бас салады.
Ота кезінде жансыздандыратын дәрі салынғандықтан, әйел өзін зорлаған ер адамға қарсылық көрсете алмаған. Кейін дәрігер оны палатасына жіберіп, болған жағдай туралы ешкімге айтпауын өтінеді. Алайда науқас өз палатасына жеткен соң бірден полицияға болған жағдай туралы хабар берген.
Қазірде қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша ("Зорлау") қылмыстық іс қозғалды.