Өңірлер

Атырауда аялдамада тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып өлтірді

Қайғылы оқиға кеше кешке болған, барлығы үш адам зардап шекті
Sputnik

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек — Sputnik. Атырауда әйелді үш жасар баласымен көлік қағып өлтірді. Автобус аялдамасында болған оқиға туралы Атырау облысы ішкі істер департаменті хабарлады. 

Алматыда Mercedes жол жиегіндегі 3 адамды соғып кетті, қаза тапқандар бар

Қайғылы оқиға кеше сағат 19.00-де бесінші бағыттағы автобустің соңғы аялдамасында болған. Әйел мен оның үш жасар баласы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір қыз баланың жамбасы сынып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.  

Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес (екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) тергеу басталды. 

Айта кетсек, 15 қыркүйекте Петропавл қаласының орталығында екі бойжеткенді көлік қағып кетті. Қыздар түнгі клубтың жанында жаяу жүргіншілер жолын кесіп өтіп бара жатқан. Олар ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.