АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күні кешкі сағат 22:38 кезінде Ош облысы Үзген ауданы Кароол ауылында болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Екі көлік бір-біріне соқтығысқаннан кейін олардың біреуі өртке оранды. Осы өртенген көлік ішінде отырған ер адам сыртқа шығып үлгермеді. Милиция қайғылы оқиға болған жерде ажал құшқан жүргізушінің кім екенін анықтады.
Сондай-ақ, әзірге ер адамның тірідей жанып кеткеніне қатысты ақпарат әлі анық еместігі айтылды. Себебі, ер адам көлік өртенбей тұрып ажал құшқан болуы да мүмкін.