Әлем

"Ішімдікті аузыма алған емеспін". Ұшақта шу шығарып, қызметінен қуылған шенеунік ақталды

Әйел өзінің қызметінен қуылғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан білген. Ол премьердің шешіміне қарсы шықпайтынын айтады
Sputnik

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Министрдің бұрынғы орынбасары Сеул-Алматы арасында ұшақтың ішінде отырған кезінде өзінің мас болмағанын айтты. 

Алматы - Сеул рейсінде шу шығарған министрдің мас орынбасары қызметінен қуылды

Осы уақытқа дейін Қырғызстан азаматы Зууракан Каденова Сеул әуежайында шу шығарғаны үшін қызметінен қуылғаны туралы белгілі болды. Парламент депутатының айтуынша, Каденова сол сәтте мас болған және ұшақтан шығудан бас тартқан.

Каденова Sputnik Қырғызстан басылымына берген сұхбатында бірнеше күннен бері жүрегінің ауырып жүргенін айтқан. Ұшақ ұшпас бұрын валерьянка және әдеттегі 30 тамшының орнына 40 тамшы корвалол ішкен.

"Осы жағдай болғанға дейін кофе мен адамтамырдан жасалған тұнба іштім. Бортта өзімді жайсыз сезініп, жүрегім айнып кетті. Қауіпсіздік белдігі қатты қысып тұрды, мен дәретханаға сұрандым. Дәретханаға баруға болмайтынын айтып жатқан кезде құсып жібердім. Пакетті сол кезде әкеліп берді", — деді Каденова.

Ол дірілдеп, өзінің бозарып кеткенін қосты. Министрдің экс орынбасарының айтуынша, осы себепті оны жұрт мас деп ойлап қалған.

"Мен мүлдем спирт қосылған ішімдік ішпеймін", — деді ол.

Өзінің жұмыстан қуылғаны туралы хабарды әйел БАҚ-тан білген. Мемлекет басшысының шешіміне қарсы шықпайтынын жеткізді.