Мәдениет

Әнші Шахризат қыздардың сахнада жүруіне қарсы шықты

Жұлдыз болашақта өз қыздарының да өнерге бет бұруына қарсы екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. "Қазақстан дауысы" байқауының жеңімпазы Шахризат Сейдахмет әйел қауымының сахнада жүруіне қарсылық білдірді. Себебі ол нәзік жандылардың бұл өмірге келгендегі миссиялары бұдан да күрделірек деген пікірде, деп хабарлайды  тілшісі. 

"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты

Қазақстандық жұлдыздар әріптестерінің сахнада ашық-шашық киінуіне қатысты пікір білдірді.

"Жалпы қыз баланың сахнада жүргеніне қарсымын. Олардың миссиясы бұдан да күрделірек. Бала тәрбиесімен айналысқандары жөн болар. Бір шетінен қазір гендерлік саясат жүріп жатыр. Жеке өз басым қыз балаларымды өнер жолына жолатпаймын", — деді Шахризат.

Әншінің өнердегі ағасы Құрмаш Махан да осы пікірді қоштай түсті. Айтуынша, әйел адамның сахнада ашық-шашық киініп жүруі — күнә.

"Өзіміздің дініміз бұл нәрсені құптамайды. Діни жағын айтпағанда біз үшін жат, ұят нәрсе. Ал дінде бұл — күнә. Әрине, әркімнің рухани біліміне қатысты таңдауы өзінде. Бірақ жеке өзім қарындастарым мен туыстарыма ашық-шашық жүрмеу керектігін барынша көркем түрде жеткізуге тырысамын", — деді ол.