АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 23 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады.
Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде тұман түсіп, қатты жел соғады.
"Тек батыста антициклон ықпалынан күн ашық болады деп болжануда", — дейді метеорологтар.
Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, жылдамдығы 15-20 м\c жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да жел күшейеді, түнде және таңертең тұман басады.
Солтүстік Қазақстан облысында кейбір елді мекендерде желдің күші 15-20 м\c дейін жетіп, түнде және таңертең тұман түседі. Жамбыл облысында да жел күшейіп, найзағай ойнайды. Қарағанды облысында түнде жел тұрады.
Маңғыстау, түнде және таңертең Қостанай облыстарында – тұман. Түркістан облысында найзағай жарқылдайды деп болжануда.
Сондай-ақ Алматыда дабылды ескерту жарияланған. 24-25 қыркүйек күндері оңтүстік мегаполисте нөсер жауыннан су деңгейі көтерілуі мүмкін. Ал Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, сонымен қатар Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер қыркүйекте қар жауып, аяз болады деп болжады