АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 52 жастағы әйел балабақшада бес адамды пышақтап тастады, оның үшеуі бала.
Полицияның мәліметінше, бір қыз ауруханаға ауыр хәлде түскен. Балалардан бөлек, ер адам (балалардың бірінің әкесі) мен әйел жарақат алды, деп хабарлады NBC.
Қанды оқиға егде әйелге шабуылдаудан басталған, оған 31 жастағы ер адам араласқан, оның аяғынан пышақтаған. Содан кейін балаларға шабуылдай бастайды. Бұл кезде бөлмеде тоғыз бала болған.
Құқық қорғаушылар зардап шегушілердің өміріне қауіп жоқ екенін атап өтті. Қылмыскер біраз уақыттан соң балабақшаның жертөлесінен табылды, ол өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ауруханада жатыр, оны полиция бақылауға алды. Әйел қанды қоқиға болған балабақшада жұмыс істегені белгілі болды. Неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.
"Үйден шығуға қорқады". Алматы облысының тұрғыны тәрбиешілерге кінә тақты