Қоғам

Астанада оңай олжаға дәніккендер түрмеден бір-ақ шықты

Сотталушылар күніне онға тарта жалған медициналық анықтама беріп келген
Sputnik

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Астанада жалған медициналық анықтама жасап келген алаяқтар екі жылға сотталды.   

Медициналық тексеріс туралы анықтама мен санитарлық кітапшаны қолдан жасап, оны кәсіпке айналдырып алғандар мамырдың ортасында ұсталған.  

ОҚО-да жұрттан жұмысқа тұрғызамын деп 5 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент қызметкерлері тінту барысында №086 медициналық анықтамасының 200 бланкісін, 190-ға тарта санитарлық кітапшаны, 80-нен астам жеке және медициналық мекемелердің мөрін, медициналық анализдердің нәтижесін, флюорография фотосуреттерін және тағы басқа заттарды тәркілеп алды.  

Сотта А. Аманшина мен А.Манашов жалған мөрлер мен мөртаңбалар және медициналық анықтамалар жасағанын мойындады. Сот оларға үкім шығарып, екі жылға бас бостандығынан айырды.  

Департаменттегілер хабарлағандай, емханаларда № 086 анықтамасы ақылы негізде беріледі, шамамен жеті мың теңге тұрады. Анықталғандай, Аманшина мен Манашов күніне онға жуық осындай жалған анықтама беріп келген.