Әлем

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы қайтыс болды

Кульчардың неден қайтыс болғаны хабарланбайды
Sputnik

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Төрт дүркін Олимпиада чемпионы, венгер семсершісі Дьезе Кульчар 77 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Венгрияның Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында хабарланды, деп жазады 

Кульчардың неден қайтыс болғаны хабарланбайды. 

Жерлеу рәсіміне келген тоғыз адам қайтыс болды

Семсерші 1964 жылы Токиода, 1968 жылы Мексикада (командалық және жеке жарыстар), 1972 жылы Мюнхенде (командалы жарыс) өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарында үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль иеленді. 

1979 жылы спорттық мансабын аяқтаған соң Кульчар Венгрияның семсерлесу федерациясының бас хатшысы, сонымен бірге ұлттық құраманың бас бапкері болады. 

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы Дьезе Кульчар

2001 жылы Венгрияда оған "Ұлт спортшысы" деген атақ береді. 2005 жылдан семсерші ұлттық олимпиада комитеті басқармасының мүшесі болған.

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы Дьезе Кульчар