22 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
22 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні
Әлем автокөлікке толып кеткен, олардың көптігі сонша, үлкен қалаларда жолдардан өту мүмкін емес. Ал көлік апатынан күн сайын қаншама адам өледі. Минут сайын автотұрақтар жаңа көлікпен толығады. Көліктер конвейерлерде күндіз-түні құрастырылады, өндіріс қарқыны тек өсіп жатыр.
Дәл осы себепті 22 қыркүйекте Францияда автокөлікті пайдаланбау күні дүниеге келіп, бүкіл әлемге таралып кетті. Алғаш рет бұл күнді Францияның 20 шақты қаласы атап өтті. 21 ғасырдың басында қозғалысқа тағы 35 ел қосылды. Жұртшылық ең болмағанда жылына бір рет бұл мәселеге назар аударатын болды, ал әлемнің ірі қалалары орталықта көлік мінуден бірте-бірте бас тартып, экологиялық троллейбустар мен трамвайларды пайдалана бастады.
Дүниежүзілік пілдерді қорғау күні. Бұл мереке экологтар мен құрылықтағы ең ірі сүтқоректілер санының азаюына алаңдайтын адамдардың бастамасы бойынша белгіленген. Мерекені ұйымдастырушылар оны жыл сайын 22 қыркүйекте атап өтуді ұсынды. Бұл бастама кең таралып кетпеді, дегенмен әлемнің әртүрлі елдерінде бұл күні пілдердің азаю мәселесіне әлемдік жұршылықтың назарын аудару мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
22 қыркүйекте Мюнхенде әлемдегі ең ірі сыра фестивалі — Октоберфест басталады. Жыл сайын күзде 6 миллионнан астам қонақ аты аңызға айналған Тереза көгалында жиналып, 16 күн бойы көңіл көтереді.
22 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар:
1862 жылы АҚШ-та қара нәсілді құлдар босатылатыны жария етілді;
1869 жылы Австрияда әлемдегі алғашқы пошта ашықхаты шығарылды;
1951 жылы Швецияда қоғамдық орындарда сүйісуге тыйым салынды;
2010 жылы Израильде дінді ұстанбайтын азаматтар үшін азаматтық неке туралы заң күшіне енді.
22 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1934 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институты құрылды;
1989 жылы Қазақ КСР-де "Тіл туралы" заң қабылданды. Бұл кезде Қазақстан әлі егемендігін алмаған, десе де осы құжатта ана тілінің қаншалықты маңызды екені алғаш рет жарияланды. Бүгінде бұл күні Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні аталып өтеді;
1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасу рәсімі өтті;
2009 жыл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына қатысты.
22 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар:
— 1791 жылы электромагниттік индукцияныашқан ағылшын физигі Майкл Фарадей дүниеге келді;
— 1939 жылы жапон альпинисі, Эверестке шыққан алғашқы әйел Табеи Дзюнко дүниеге келді;
— 1951 жылы кеңес және латыш театр және кино актрисасы, балерина Регина Разума дүниеге келді ("Робин Гудтың жебесі" фильмі);
— 1976 жылы бразилиялық футболшы Роналдо дүниеге келді.
22 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:
1925 жылы соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Ұзақбай Сыздықбаев дүниеге келді;
— 1950 жылы ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлы дүниеге келді;
— 1953 жылы Техника ғылымының докторы, профессор Орал Әбдірахымо в дүниеге келді;
— 1966 жылы Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай суқұйғыш белгісінде орналасады. Оқу және интуиция күні. Бұл күні ақпараттар лек-легімен келеді. Кез келген мәлімет көзінен, мысалы, кітаптардан пайдалы ақпарат алуға тырысу керек. Пайдасыз ақпарат жинауға қымбат уақытыңызды жұмсамаңыз.