Спорт

"Бәрібір..." Головкиннің бапкері жеңіліске қатысты "тосын" мәлімдеме жасады

Абель Санчес үздік шәкірттері жеңіліп қалғанына қарамастан жаттығу мәнерін өзгертпейтінін айтты
Sputnik

АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik.  Геннадий Головкин мен Мурат Гассиевтің бапкері Абель Санчес таяуда шәкірттерінің маңызды титулды жекпе-жектерде жеңіліп қалуына қатысты түсініктеме берді.

Головкинге жақсы жаңалық жетті

Гассиев Александр Усикке есе жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы IBF және WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды, ал Головкин Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе жекте алғаш рет жеңіліске ұшырады, қазақстандық орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO белбеулерін бәске тікті, деп хабарлады Sports.kz.  

"Осы жеңілістерден кейін қысымды сезініп, жаттығу стилін өзгертуге тырысамын ба? Жоқ. Бәрібір менің залымда жаттығатын боксшылардың жеңісі орта есеппен 92%-ті көрсетіп отыр.  Головкин белбеуін 20 мәрте қорғады және барлық уақыттағы нокауттардың ең жоғарғы процентін иеленді. Гассиев үздіктер үздіктермен жұдырықтасатын турнирге қатысты. Біздің жүйенің арқасында осындай жетістіктерге жеттік. Сондай-ақ, менің залымда тағы басқа екі әлем чемпионы бар", — деді Санчес.