Өңірлер

Ақтөбеде тұрғындардан көлігімен қашқан полицей жұмыстан қуылмақ

Ақтөбе тұрғындары ішімдікке тойып алып, көлік жүргізген полицейді қуып жүріп әрең тоқтатты
Sputnik

АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде арақ ішіп алып, қызметтік көлігін тізгіндеген полицейді жүргізушілер қуып жүріп әрең тоқтатты. 

Министр Батыс Қазақстанда полицейдің өз бастығын неге атып өлтіргенін айтты

Тұрғындар мас тәртіп сақшысынан көліктің кілтін тартып алып, патруль шақыртқан. 

Жүргізушілер жолда теңселіп келе жатқан полицейдің қызметтік көлігінен күдіктеніпті. Оны тізгіндеген сақшының мас екенін байқаған соң, қуып жүріп тоқтатады. Ақыры көше бойына көлігін тастап, жайына кете барған, деп хабарлады КТК. 

Бұл оқиғадан ішкі істер департаментінің басшылары бейнетаспа ғаламторға шыққанша хабарсыз болыпты. Сондықтан тексеруді енді бастап жатыр. Мас полицейді жұмыстан қуып жібермек ойлары бар.