Әлем

Ұйықтаған күйі біреудің үйіне кіріп кеткен ер адам қайғылы жағдайға ұшырады

52 жастағы Грегори Миллер айкезбе ауруына ұқсас белгілері бар ұстамадан зардап шеккен
Sputnik

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатында 71 жастағы үй иесі ашық қалған есіктен кездейсоқ кіріп келген ер адамды атып тастады.

Шымкенттен ауылға қонаққа барған 8 жасар бала әпкесін атып өлтірді

Джон Эдмунд Барбур шақырылмаған қонақтан бірнеше рет үйден шығып кетуін талап еткен. "Ұры" құлақ аспаған соң, екі рет оқ атады, деп хабарлады life.ru.  

Қаза болған адам айкезбе ауруына ұқсас белгілері бар ұстамадан зардап шегетін 52 жастағы Грегори Миллер болып шықты. Оның отбасының айтуынша, марқұм 30 жыл бұрын бас сүйегінен жарақат алып, кейде өз әрекетіне жауап бере алмайтын хәлге түскен.    

Полицейлердің сөзіне қарағанда, Джон Барбурға айып тағылмайтын секілді. Марқұмның әпкесі сыртқы есік жабық болғанда мұндай ештеңе болмас еді дейді. Бауыры ешқашан ешкімге жамандық істемеген көрінеді, қайта адамдарға өмір бойы көмектесіп келген. Бұл сөзді көршілері растады. Дегенмен, кісі өлтірушіге де таныстары жақсы мнездеме беріп отыр.