Экономика

Қазақстанда қазаннан депозиттер бойынша жаңа сыйақы мөлшерлемесі енгізіледі

Ұлттық банк депозиттен қалай көп пайда алуға болатынын және Қазақстанда депозиттердің қандай түрлері бар екенін хабарлады
Sputnik

АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді.   

2018 жылдың 1 қазанынан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шарттар өзгереді. 

Жаңа сыйақы мөлшерлемесі неліктен енгізіліп жатыр?

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі. Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның түрі мен мерзіміне, мерзімінен бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты сараланатын болады.

"Салымдардың жаңа жіктеуі халыққа жинақ ақшаларды сақтау үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады. Енді салымшыларға өтімділік пен табыстылықтың әртүрлі деңгейі бар үш категориядағы салымдар қолжетімді. Өздерінің мақсаттарына байланысты салымшылар жинақтарын мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдарға орналастыруына болады", — деп түсіндірді ұлттық банк.

 Мерзімді, мерзімсіз және жинақ депозиттер деген не? 

Мерзімсіз салымдардың табысы төмен болады, бірақ салымшыларға өздерінің депозиттерін қиындықсыз шешіп алуға мүмкіндік береді. 

Мерзімді салымдардың "икемділігі" төмен, бірақ табысы жоғары болады. 

Салымшылар ең жоғарғы табысты жинақ салым арқылы ала алады, онда ақшаны мерзімінен бұрын алу бойынша жоғары талаптар қарастырылған. 

Салымның мерзімі сыйақы мөлшерлемесінің көлеміне әсер етеді.

"12 айға теңгелік стандартты салым 12% сыйақы мөлшерлемесімен шектеледі, ал салымның қосымша опциясы бар депозит мөлшерлемені 11%-ға дейін төмендетеді", — деп түсіндірді Ұлттық банк. 

Салымшыларға қандай пайдасы бар? 

Ұлттық банк депозиттерді жаңаша жіктеу халыққа жинақтарын сақтауға қосымша мүмкіндіктер береді деп есептейді. 

Банк карточкасының сіз білмейтін 8 құпиясы

"Егер бұрын салымшылар депозиттері бойынша табыстылықты 12,00%-дан жоғары алмаса, қазір банктік салым шартының талаптарына сәйкес, 12 және 24 айдан асатын жинақ салымдар бойынша 13,00% — 13,50% дейін сыйақы ала алады. Салымды ұлттық валютамен және тиісінше ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемені таңдағанда, салымшы инфляция кезінде 7,5% —ға дейін, 6,00% нақты кірістілікті қамтамасыз етеді", — деп толықтырды Ұлттық банк.  

Шетел валютасындағы салымдар бойынша табыстылық өзгеріссіз қалады және 1%-тен аспайды.