Оқиға

Қарағандыда жас сарбаз өлі күйінде табылды

Кіші сержант Тимур Нұрманов 2014 жылдан бері келісімшарт бойынша әскери қызметте болған
Sputnik

ҚАРАҒАНДЫ, 20 қыркүйек — Sputnik. Қарағандыда Қазақстан ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының сарбазы өлі күйінде табылды. Көз жұмған кіші сержант Тимур Нұрманов 22 жаста болған, үйленбеген.

"Орталық" өңірлік қолбасшылығы жас жігіттің 19 қыркүйекте көз жұмғанын хабарлады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Әскери бөлімнің қолбасшылығы сержанттың туысқандары мен жақындарына көңіл айтты. Тимур Нұрманов 2014 жылдан бері келісімшарт бойынша әскери қызметте болған.