АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Қытай қызын қалыңдық қылған Димаштың суреті желідегі жұртқа жақпай қалған еді. Әншінің ата-анасы аспан асты елінен ақ келін айттыруға қаншалықты дайын екендерін айтты.
Танымал әншінің әке-шешесі аралас неке дегенге қарсы екен. Димашты әлем танығанымен, қазақ баласы өз ұлтының қызына үйленуі тиіс дейді. Осы орайда әкесі, ұлының қандай тәрбие көріп өскенін айтып берді.
"Димаш қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді сіңіріп өскен бала. Сондықтан біздің үйімізде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанады. Оның үстіне айналамыздағы ағайындардың қаншалықты талапты екенін Димаш біледі", — деді Қанат Айтбаев НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында.
Ал әншінің анасы болашақ келіндерінің қандай болуы керектігін айтты.
"Болашақ келініміз қазақы, тәрбиелі, ең бастысы, көрегенді жердің қызы болса екен дейміз. Білімді болғанын да қалаймыз. Осы айтқандарымыздың барлығы балалардың құлағында қалатын шығар", — деді Света Айтбаева.
Димаш қалыңдығымен түскен суретін жариялады
Десе де, әншінің анасының айтуынша, таяуда бұл әулетте той болмайды.
"Димаштың қазіргі таңда жоспарлары жұмыспен байланысты болып тұр. Сондықтан әзірге үйлену туралы мүлдем айтпайды. Бірақ айтса екен деп тілектеас болып жүрміз", — деді ол.
Жуырда әнші қытай қызбен бірге 20 минуттық туындыға түсіп, өзге тыңдармандарын қызғандырып қойған еді.