Оқиға

Сөмкеден әйелдің мәйіті табылды: Астана полициясы мән-жайды анықтады

Полиция әйелдің денесін сөмкеге салып тастап кеткен ер адамды Түркістан облысынан тапты
Sputnik

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Астанадағы базарда өзбекстандық әйелдің денесін сөмкеге салып тастап кеткен ер азамат ұсталды, деп хабарлайды

Астана полициясы "Шанхай" базарының маңынан сөмкенің ішінен табылған әйелдің өліміне қатысты мән-жайты айтып берді. 

Астанада базар маңында жатқан сөмкеден әйелдің денесі табылды

Өзбекстан азаматының денесін өзімен бірге тұрған 30 жастағы ер адамның тастап кеткені белгілі болды. Жауап алу кезінде ол екі жасар баласының анасы жатақханада аурудан көз жұмғанын айтты. Оның сөзінше, әйелді жерлеуге ақшасы болмаған, сондықтан келіншектің мәйітін базарға апарып тастаған. Осыдан кейін тасаланып қаладан кетіп қалады. 

Полиция ер адамды табады. Қайтыс болған әйелдің екі жасар баласы таныстарының қарауында болған. Қазіргі уақытта ол Астана қаласындағы кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. 

"Шанхай" базарының маңынан әйел адамның денесі 13 қыркүйекте табылды. Сот-медициналық сараптама оның ішкі органдар туберкулезінен өлгенін көрсетті.