Аңыз бойынша, бұл өңірді (АҚШ, Солтүстік Каролина жағалауы) "Сұр адамның" елесі кезеді. Елес табиғи апат алдында адамдарға төніп тұрған қауіп-қатер туралы ескертеді, деп хабарлайды The Sun.
Басылымның ақпаратынша, елес алғаш рет 1822 жылы пайда болған. Ел аузындағы әңгімеге сенсек, ол сүйіктісіне бара жатқан жолда суға батып өлген ер адамның әруағы. Осы трагедиядан кейін көп ұзамай марқұм сүйіктісіне келіп, оған қаладан тез арада кету керектігін ескерткен. Қыз оның кеңесіне құлақ асып, отбасымен бірге қоныс аударған. Осылайша бірнеше күннен кейін болған жойқын дауылдан аман қалған деседі.
Елес, әдетте, төтенше жағдай алдында пайда болады, ал оны көргендердің ажалдан аман қалуға мүмкіндігі бар көрінеді.
Видеодан кенеттен пирсте адамға ұқсайтын сұлбаның пайда болғанын байқауға болады. Бірнеше секундтан кейін елес көзден ғайып болды.
Соңғы деректерге сүйенсек, АҚШ-та соңғы аптада нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан 37 адам өлген.