Спорт

Головкинге барлық белбеуді қайтаратыны рас па - бокс федерациясының жауабы

Мессенджерлер арқылы "Канелоның" допингпен ұсталып, Головкинге барлық белбеу қайтарылатыны туралы ақпарат тараған-ды
Sputnik

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандағы кәсіби бокс федерациясы "Канелоның" допингпен "ұсталғанына" қатысты пікір білдірді.

Головкин желіде видео жариялап жұрттың жүрегін елжіретті

Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы Сауль Альварестің допинг сынамасы тағы да оң нәтиже бергені туралы жарыса жазып жатыр. Сондай-ақ, GGG жанкүйерлері өздері таратқан ақпаратта бокс федерациясына сілтеме берген.

"Кәсіби бокс федерациясы мұндай мәлімдеме жасаған емес. Бізде "Канело" допингпен ұсталды деген ақпарат жоқ", — деді федерация өкілі тілшісіне.

Ал әуесқой бокс федерациясы өз кезегінде Головкинді кез келген бастамада қолдайтындарын жеткізсе де, кәсіби боксқа қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан хабарлама

Бұл хабарламаға қатысты "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма басшысы Ерлан Қарин де пікір білдірді. 

"Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңілімен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі-бері көптеген азамат мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр. Ешқандай қайта жекпе-жек жуырда болмайды. Кез келген жекпе-жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", — деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында. 

Геннадий Головкин 15 қыркүйек күні өткен жекпе-жекте алғаш рет кәсіби рингтегі қарсыласынан жеңіліс тапты. Осыдан кейін GGG орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерден айырылды.

Алғашында жекпе-жек 5 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ Альварестің допинг сынамалары оң нәтиже көрсетуіне байланысты кейінге шегерілді.