Әлем

Кикбоксингтен бес дүркін Еуропа чемпионының мәйіті табылды

Алдын ала болжам бойынша, 23 жастағы қыз иіс тиіп уланып қалған
Sputnik

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Кикбоксингтен бес дүркін Еуропа чемпионы Диана Каратеева Хакасия астанасы Абакандағы өз үйінде көз жұмды.  

23 жастағы спортшының денесін жексенбі күні достары тауып алған.  

 

 

Алдын ала болжам бойынша, қыз иіс тиіп уланып өлген. Бұл туралы Хакасия спорт министрлігі жазды.  

Чемпион қызбен қоштасу 18 қыркүйек күні өтті.  

Диана Каратеева — кикбоксингтен бүкілресейлік және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Ол Ресей құрамасының мүшесі болды. Соңғы уақыттарда  фитнес-бағдарламалардың нұсқаушысы ретінде жұмыс істеген.