Экономика

Айырбас пунктілері жуырда алтын құйма сата бастайды

Бұл алтын құймалардың бағасы екінші деңгейлі банктердікіне қарағанда арзан болмақ
Sputnik

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Ақша айырбастау пунктілері алтын құймалар әзірлеуге кірісті. Қымбат металды жыл соңына дейін сатып алып немесе керісінше сатуға болады, деп хабарлады "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

Мамандардың айтуынша, бүгінде алтын құймаларды екінші деңгейлі банктер ғана әзірлейді. Сондай-ақ, ақша айырбастау пунктілерінде алтын арзан бағамен сатылмақ. Алтынға байланысты операциялар жүзеге асқанда, екі тараптан да комиссия алынбайды. Дәл қазір салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм болатын алтын құймалардың бір грамы — 15 мың теңге.

"Екінші деңгейлі банктерге қарағанда алтындардың бағасы арзан болады. Сондай-ақ, айырбас пунктілері сіздерден осы алтындарды қымбат бағамен сатып алады. Мысалы, доллар секілді. Оны әдетте жекеменшік пунктілер ғана халықтан қымбат бағаға сатып алады", — деді Қазақстандағы айырбас пунктілері ассоциациясының президенті Аршын Ғалымбаев.