Жойқын тайфун жұма күні кешке Филиппиннің солтүстік-шығыс жағалауын ойрандады. Кейбір аралдарда желдің жылдамдығы сағатына 170 шақырымға, толқынның биіктігі алты метрге жеткен.
Соңғы мәлімет бойынша, Филиппиндегі "Мангхут" тайфунынан қаза тапқандардың саны 65 адамға жетті. РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлағанындай, 64 адам жарақат алды, 43 адам хабар-ошарсыз кеткен. Гонконгта апаттан 350-ден астам адам зардап шекті. Тайфун жексенбі күні қаланы қиратты.
Супертайфунның жантүршігерлік салдарын Sputnik фотолентасынан көріңіздер.