Қоғам

СІМ Қытайда сотталған қазақстандықтың ісіне қатысты мәлімет берді

Қазақстан СІМ мәліметінше, Қытайда бұл істі апелляциялық сотта қараудың қандай да бір білегіленген мерзімі қарастырылмаған
Sputnik

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Қытай түрмесінде төрт жылдан бері жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі облыстық деңгейге шығарылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.

Қытай 15 сотталған қазақстандықты еліне қайтарды

"Қытай заңына сәйкес, онда бұл істі апелляциялық сотта қараудың қандай да бір білегіленген мерзімі қарастырылмаған. Қытай тарапының  шешімін күтеміз. Адвокаттар мен консул оған тұрақты түрде барып тұрады, ешқандай шағымы жоқ",   - деді Смадияров баспасөз өкілдерімен кездесуде.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол кезде 20 жаста болған қызға есірткі тасымалдады деген айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Ақжарқын кінәсін мойындаған жоқ, ол қандай жүк тасымалдағанын білмейтінін айтты.