АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы бірнеше тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жектің соңғы раундтарындағы олқылықтар жеңіске жетуге мүмкіндік бермегенін айтты, деп жазды Sports.kz.
Санчестің пікірінше, Альварес жеңіске лайықты жігер көрсетті. Ол төрешілер алқасының жұмысына ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді.
"Головкинге 11 және 12-раундтарда басымдық таныту қажет екенін айттым. Жекпе-жек тең өтіп жатты. Геннадий осы екі үш минутты да жеңуі керек еді, бірақ ол 12-раундты жіберіп алды. Оның жасаған соққылары жеңіске жетуге жеткіліксіз болды. Соңғы раундта төрешілердің бірі жеңісті GGG-ге бергенде, ол жеңімпаз атанар еді. Алайда екі төреші "Канело", біреуі Геннадий жеңді деген шешім шығарды.
Жеңіске жете алмағанымызға өкініп отырмыз, бірақ жақсы төрешілер болды. Менің ойымша, "Канело" бұл жеңіске лайықты еңбек сіңірді. Ол – чемпион. Демалыстан соң келесі жылы мамырда үшінші жекпе-жекті ұйымдастырамыз деп үміттенемін. Мен Геннадий жеңді деп есептеймін, бірақ бұл пікірім жекпе-жекке дейін қалыптасып қалғанын ұмытпау керек. Шешім біздің пайдамызға шықпаған сайын жылай бермейміз ғой. Алайда қазылар әділ шешім қабылдады", — деді Абель Санчес.