Қоғам

Әйтімова: Қазақстан қартая бастады

Қазақстанда 65 жастан асқан қарт адамдардың саны 6,6% процентке жетті
Sputnik

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығымен кездесуде Қазақстан халқының қартайып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қазақстанда халық саны қанша болды?

БҰҰжіктемесіне сәйкес, егер 65 жастан асқан азаматтар саны 7 процентке жетсе, мұндай қоғам қартайып жатқан болып саналады.     

"Қазақстанда бұл санатқа кіретін қарт адамдардың үлесі 6,6%-ке жетті. Ал 2020 жылдың соңына қарай 7 проценттен асып, 7,4 процентке дейін жетуі мүмкін. Демек, бірнеше жылдан кейін біздің еліміз қартайю процесі жүріп жатқан мемлекеттердің тізімін толықтыруы мүмкін", — деді сенатор.