Видео

Головкиннің жеңілісін көрген кішкентай фанаттары ағыл-тегіл жылады – видео

Головкиннің шын берілген жанкүйерлерінің жеңілістен кейін жылап отырған видеосы Желіде жылдам таралып жатыр
Sputnik

Қазақстандықтар бұл видеоны бір-біріне таратып, әлеуметтік желіде жариялап, жексенбі күні таңертең дәл сондай күйде болғандарын жеткізуде.

Желіде Головкин - "Канело" жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды

Видеода балалар жекпе-жектің телетрансляциясын қарап отыр, Геннадий Головкиннің жеңілгенін естігенде, жылай бастайды.

"Апырай, ағыл-тегіл жылап отыр. Оларға қарап өзім де жылап жібердім", — деп жазады zaure_123456. 

"Бар ақшаңды Гена жеңеді деп тіккенде", — деп әзілдеді axe_bb.

"Жыламаңдар, балалар! Генаға бәрі бір ешкім жетпейді", — деп балаларды жұбатты gylmiratoksanbaeva.

Бұл видеоны кім және қай қалада түсіргені белгісіз.