АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысындағы Қарабалық ауылында тұратын келіншекке жіті миелобласты лейкоз деген диагноз қойылған. Оны жілік майын ауыстыру арқылы ғана құтқаруға болады. Жүз пайыз сәйкес келетін донор табылды – ол Жұлдыздың жалғыз туған бауыры. Алайда 8 қыркүйек күні полицейлер жас жігітті ұстап әкетті, ол сотталуы мүмкін.
"Қызым естіген кезде алдымен бауырын уайымдады. Келесі күні ғана күйзеліске түсе бастады. "Енді менің күнім не болады?" деп сұрады", — дейді Жұлдыздың анасы Раиса Арыстанова.
Жұлдыздың анасы ұлын Ұлттық онкология және трансплантология орталығына алдыруға рұқсат сұрап жатыр, онда қазан айының басында қызына ота жасалады.
Жұлдыз Арыстанова 31 жаста. Оның жеті жасар қызы бар. Жас келіншектің жағдайы ауыр: химиялық терапияның бес сеансынан өтті. Жалғыз донор – өзінің туған бауыры Нұрлан Арыстанов.
Оралдық жігіт бейтаныс қызға бір бүйрегін беріп, өмірін құтқарып қалды
Жұлдыздың медициналық құжатында ол толық үйлесімді донор ретінде жазылған, деп хабарлады kstnews.kz.
Раиса Арыстанова Қостанай облыстық ішкі істер департаментіне арызданып үлгерді.