Қоғам

Алматыда концерт кезінде төрт бала зардап шекті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәрігерлер зардап шеккен балаларға дер кезінде көмек көрсетті
Sputnik

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында өтіп жатқан "Gakku Дауысы" музыкалық фестиваліне халық көп келіп, салдарынан балалар зардап шеккен. 

Әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде осы сәт түсірілген видео жарияланған еді. Жүргізуші жұрттан қозғалмауды өтінді, себебі балалар қысылып қалған. Желі қолданушылары сахна құрылымы құлады деген болжам жасайды.

Дәрігерлер оқиға орнында зардап шеккен 4 балаға көмек көрсетті. Концерт ұйымдастырушылары балалардың жағдайы жақсы деп сендірді. 

Концерт "Астана" алаңында өтіп жатыр.