Оқиға

Астанада базар маңында жатқан сөмкеден әйелдің денесі табылды

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйелдің денесінде зорлық белгілері болмаған
Sputnik

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Астанада кеше кешке "Шанхай" базары маңынан белгісіз әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ жол шетінен өлі табылған қыздар туралы хабарламаға түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде тараған жантүршігерлік видеода сөмке ішінде жатқан әйелдің денесі көрсетілген. Астаналық полиция желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. 

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, 13 қыркүйек күні сағат 20:00-де Алаш тас жолы бойындағы "Шанхай" базары маңынан белгісіз әйелдің денесі табылған. 

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Полицейлер барлық қажетті шараны қолға алды. Әйелдің кім екені анықталды, ол 26 жаста", — делінген хабарламада. 

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің денесінде зорлық белгілері болмаған.