Қоғам

"Ол түзелмейді" Министр Күлекбаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты

Руслан Күлекбаев осыдан екі жыл бұрын Алматыда теракт жасап, он адамды өлтірген еді
Sputnik

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "алматылық мерген" Руслан Күлекбаевтың суицид жасамақ болғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Алматыдағы теракт: қанды қырғынның ортасында болған адамның әңгімесі

Жуырда БАҚ бетінде Қостанай облысы УК-161/12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан террорист Руслан Күлекбаевтың екі рет өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тараған еді. Министрдің айтуынша, Күлекбаев қатаң режимді түрмеде, бейнебақылауда. 

"Ол екі рет өзіне қол салмақ болды. Қарауыл оның төсек жаймасын байлап жатқанын көрген. Қызметкерлер оған кедергі жасап, суицидке жол бермеді", — деді Қасымов. 

Министр жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, оның наным-сенімі өзгермеген айтты. 

"Ашығын айтқанда, ол түзелмейді. Сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаймыз",  —деген пікірін білдірді министр. 

Еске сала кетсе, 2016 жылдың 18 шілдесінде Алматыда Руслан Кулекбаев полицейлерге шабуыл жасады. Атыс салдарынан он адам қаза тапқан еді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. 2 қараша күні Руслан Күлекбаев сот үкімімен өлім жазасына кесілді.