Спорт

Желіде Назарбаев пен Головкиннің кездесуінен видео жарияланды

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Назарбаевпен осы жылдың маусымында кездескен еді
Sputnik

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. ҚР президенті телерадиокешені мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуінен бейнеүзінді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Канело" Головкинмен көз түйістіруден бас тартты - видео

"Қыркүйекте сен үшін өте маңызды жекпе-жек бар. Барша қазақстандықтың атынан саған сәттілік тілеймін. Қазақстандықтар сенің жекпе-жектеріңді өте мұқият қарайды. Біз сені мақтан тұтамыз. Бұл жастар үшін, тәрбие үшін өте маңызды", — деді елбасы былғары қолғап шеберіне.

Айта кетсек, WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Назарбаевпен осы жылдың маусым айында кездескен болатын. Сол жолы былғары қолғап шебері чемпиондық белбеулерін президентке сыйға тартқан еді.

"Менің жұмысым — жеңіп алу, ал қалғаны сіздің құзырыңызда", — деп күлді боксшы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Головкинді "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапаттады.

Екі күннен кейін Головкин Лас-Вегаста "Канеломен" қолғап түйістіреді. Қарымта жекпе-жекті қазақстандық жанкүйерлер 16 қыркүйек, Астана уақытымен таңғы сағат 08:00 мен 08:30 арасында тамашалай алады.