АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Жартылай орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сесилия Брекхус осы аптада Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегінде кім жеңетінін болжады, деп хабарлады Sports.kz.
Сесилия аталған кештің андеркардында жұдырықтасады деп жоспарланған еді, алайда ол өзіне лайық қарсылас таба алмады.
"GGG жеңеді деп ойлаймын. Иә, мен оның андеркардында жұдырықтастым, бірақ бұл әділ болжам (күледі). Ол жеңіске өте құштар деп ойлаймын, ал құштарлық бокста маңызды рөл ойнайды. Қатал спарринг-сессиялар қосымша ерік-жігер сыйлайды, ең жаманы, бәрі біткеннен соң сай-сүйегің сырқырайды. Ол сізді өлердей шаршап тұрғаныңызға қарамастан, соңғы раундтарға дейін жеткізеді", — дейді норвегиялық боксшы қыз.
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жектің қаншалықты маңызды екенін айтты