АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Бес облыста ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.
Ертең түнде Алматы облысының солтүстігінде үсік жүреді, ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.
Ал Талдыкорган қаласында күн 1-3 градусқа дейін суытады.
Қостанай облысында соққан желдің күші 15-20 м/с болады, таңертең және күндіз кей жерде найзағай ойнайды.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.
Түркістан облысының кей жерінде шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, кей жерде екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавл қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.