Кравцов 2/2 көшесіндегі шағын орынжайда жұмыс қызып жатыр: жаңа эко-пунктте қоқыс өлшенеді. Мұнда қоқыстың 11 түрі қабылданады.
Сұрыпталған картон, бөтелке, макулатураның бір килограмына үш теңгеден жүз теңгеге дейін символикалық ақы төленеді.
Болашақта мұдай пункттер Астананың тағы бірнеше ауданында ашылады.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жаңашылдыққа қызығушылық танытып, бөтелке мен картон әкеліп өткізе бастады.
Қоқыстан қомақты ақша жинай алмасыңыз анық, есесіне әрбір адам қоршаған ортаны қорғауға үлес қоса алады.