Өңірлер

Өскеменде үш жігітті мінгізген такси жүргізуші сан соғып қалды

Өскеменде үш жігіт тапа тал түсте такси жүргізушіні қылқындырып, көлігін мініп кеткен
Sputnik

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Өскеменде 10 қыркүйек күні белгісіз біреулер  тапа тал түсте такси жүргізушіні тұншықтырып, машинасын мініп кеткен. 

Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады

Зардап шегуші 51 жастағы ер адам көлікке 3 жігіттің отырып, Самсоновка ауылына жақындаған кезде жолаушылардың бірі тоқтауын өтініп, қылғындыра жөнелгенін айтады.

Есін жия сала "Daewoo" көлігінің иесі "102" нөміріне хабарласады. Патрульді қызмет бірден әрекет етіп, қылмыскерлерді құрықтаудың амалын жоспарлайды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Зардап шегушінің берген ақпаратынан кейін барлық патрульдік топтарға ұрланған көлік пен бұзақылар туралы ақпарат таратылып, тәртіп сақшылары қылмыскерлердің ізін суытпай құрықтады.

Белгілі болғандай, адам өміріне қастандық ойлаған үш жігіттің 20, 22 және 23 жаста екендіктері анықталды. Сонымен қатар, бұзақылар көлік ұрлығына қатысты жоспарды алдын ала құрған, өйткені олардың Мариногорка ауылына жететін көліктері болмаған.

"Бұзақыларды Өскемен-Самар тас жолының 123 шақырымында ұстадық. Патрульдік қызметтің жедел жұмысының арқасында құқықбұзушылар тез табылды", – дейді ШҚО ІІД ЖППБ қызметінің инспекторы, аға лейтенант Тыныс Ахатбеков.