Видео

Путин мен Си Цзиньпин құймақ пісірді - видео

Ресей президенті Владимир Путин мен оның қытай әріптесі Си Цзиньпин құймақ пісіріп, аспаздық шеберлігін сынап көрді. Кімнің құймағы жақсы шыққанын видеодан тамашалаңыз
Sputnik

Ресей мен Қытайдың мемлекет басшылары Русский аралында 11-13 қыркүйекте өтіп жатқан төртінші Шығыс экономикалық форумында жүр. Форум аясында "Қиыр Шығыс көшелері" атты көрме өтуде, ол жерде президенттерге алжапқыш тағып, құймақ пісіріп көруге ұсыныс жасалды. Путин Си Цзиньпиннің құймағы жақсырақ шыққанын атап өтті. Ал құймақтың салмасына қос саясаткер де қара және қызыл уылдырықты таңдады.